Qazaqstan сайтына жарнама орналастыру туралы ақпарат

QAZAQSTAN телеарнасы

Бүгінгі таңда ол еліміздегі ең ірі медиа құрылым. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның құрамында бүгінгі таңда 3 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна, 4 радио және 36 интернет сайт кіреді. Телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, арна заманауи телетаратылымның барлық талаптарына жауап береді. Қазіргі заманғы ең үздік құрылғылар техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып келеді. Елбасының тапсырмасы бойынша, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.